Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасына жазды
Республикалық конкурстан кейін бос қалған ЖОО-ға арналған мемлекеттік гранттар қайта тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Көптен күткен ақпаратпен бөлісейін, конкурстық тағайындаудан кейін бос қалған жоғары білім берудің 2983 грантын беру нәтижелерін grant.testcenter.kz сілтемесі арқылы (ТЖК және ЖСН бойынша) білуге болады", - деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында.