2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13 бала бақша іске қосу жоспарланған
Алматы әкімі Б. Сағынтаев балаларға мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етудің шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматының білім болашағы: жаңа жағдайдағы перспективалық шешімдер» форумында сөйлеген сөзінде Б. Сағынтаев мектеп жасына дейінгі орын тапшылығын шешу мақсатында 2020 жылдың басынан бері қарай 670 орынды төрт мемлекеттік бөбекжайлардың пайдалануға берілгенін айтты. Ағымдағы жылдың соңына дейін бір мемлекеттік бала бақшаның құрылысы аяқталады және 520 орынды тағы үш жаңа бала бақшаның құрылысы басталады.
361 жеке бала бақшаларға 17,5 орынды мемлекеттік білім тапсырыс берілген. Дегенмен орын тапшылығы азаймай тұр. Өйткені ата-аналар балаларын жеке бала бақшалардағыдай қосымша төлемді қажет етпейтін мемлекеттік бала бақшаларға бергілері келеді.
«Балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшін біз Үкіметке жеке бала бақшалардағы қосымша қызметтерге ата-аналардың ақы төлеуін жартылай жою жөнінде ұсыныс жасаған едік. Біздің бұл ұсынысымыз қолдау тапты, осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен шамамен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады», – деп хабарлады Б. Сағынтаев және оның балалары жеке бала бақшалар баратын отбасылардың шығындарын азайтуға ықпал ететін атап өтті.
Осы оң шараның қолға алынуы арқасында жеке бала бақшаларда қосымша 5 мыңға жуын орын ашылады деп күтілуде. Қалада 893 мектеп жасына дейінгі мекемелер жұмыс жасайды, олардың тек 189 (21,2%) мемлекеттік, 704 (78,8% жеке бала бақшалар. 3 жастан 6 жасқа дейінгі 18 мыңнан астам бала кезекте тұр.
2021 жылы жобалық қуаттылығы 2 590 орын болатын 13 бала бақша іске қосу жоспарланған. Ғимараттарды қайтару және оларды модернизациялау жолымен қосымша 2200 орын ашылатын болады. Осылайша, 2020-2021 жылдары қосымша барлығы 12790 орын құрылады, ал бұл бала бақша кезегін 70%-ға төмендетеді.