|
03.06.2019 | 12:29
15269

Қазақстанда бұдан былай білім гранты несиеге беріледі

Несиені 2 апта ішінде рәсімдеуге болады

Қазақстанда бұдан былай білім гранты несиеге беріледі Zakon.kz

Биыл елімізде мектеп бітіруші түлектерге ЖОО-ға түсу үшін 69256 грант бөлінді: бакалавриатқа – 53 785, магистратураға – 13159, докторантураға – 2 312.

Алайда бұл гранттарға іліге алмай қалғандарға да жақсы мүмкіндік ұсынылды, олар бұдан былай кепілсіз несиеге білім ала алады, деп жазады stan.kz.

Бұған Білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығы кепіл болмақ. Айта кетерлігі, оқуға бөлінетін несие қолға берілмейді. Студенттің есепшотына түседі. Бірақ талап қатты: ол үшін тестіден кемі 50 бал жинау керек, ал GPI көрсеткіші 1,33 балдан төмен болмауы керек.

«Оқу кредитіне арналған несие ұзақмерзімді болып саналады. 10-12 жылға дейін беріледі. Ерекшелігі 
 студент оқу бітіргенге дейін тек пайыздық үстемесін төлеп, оқу бітірген соң ғана 6 ай өткенде несиені кесте бойынша өтейді. Қазіргі уақытта 15 млрд теңгенің 11 млрд теңгесі қайтарылды», – дейді Қаржы орталығының менеджері Қуаныш Мәулетов.

Егер студент грантқа ауысса, несиесі тоқтатылады. Несиені 2 апта ішінде рәсімдеуге болады.

Мемлекеттің білім депозиті де бар. Оның басқалардан артықшылығы кез келген оқу орнын таңдай аласыз. Мұнда банктің пайызынан бөлек 3 жылдан 20 жылға 5 пайыз, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға 7 пайыз, мемлекеттің сыйақысы бар.

Қазіргі уақытта Aqyl депозитін 20 мың адам ашып үлгерген. Олардың жиған қаржысы 20 млрд теңгеге жетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ВУЗы
Новости партнеров
Прямой эфир