ҰБТ: Оқуға түсе алмай қалғандарға тағы бір мүмкіндік беріледі

24.07.2019 16:52

Ақылы түрде тестілеуге өтініш биылға 25 шілдесі мен 3 тамызы аралығында қабылданады

Ертең тамыз айында ақылы негізде өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер қабылдау басталады.

«Өтініштер желілік жоғары оқу орындарында 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады», - деп жазылған Ұлттық тестілеу орталығының сайтында.

Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беретін Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 17-20 тамыз аралығында өткізіледі. Бағасы – 2242 теңге.

Қазақстанда 11 (12) - сынып түлектерінің жылына төрт рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндігі бар, олардың үшеуі ақылы негізде болады.

• 15 қаңтардан 20 қаңтарға дейін (ақылы) - өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады;

• 24 наурыздан 29 наурызға дейін (ақылы) - өтініштер 1-15 ақпан аралығында қабылданады;

• 20 маусымнан 5 шілдеге дейін (тегін) - өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады;

• 17 тамыздан 20 тамызға дейін (ақылы) - өтініштер 25 шілдеден 3 тамызға дейін қабылданады.

Тестілеуді қаңтар, наурыз және тамыз айларында сәтті тапсырған студенттер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсе алады. Ал маусым-шілде айларындағы тестілеу мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік береді.

2019 жылы 110 мыңнан астам адам ҰБТ тапсырып, олардың 82 мыңнан астамы 50 балдық шекті деңгейден өтті.

Дереккөзі: Sputnik.

Теги: ҰБТ оқу