Биыл 14 мыңнан астам түлек мектеп бітірді
Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың 313 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиын өтті. Биыл 14 мыңнан астам түлек мектеп бітірді, оның ішінде 424 оқушы «Алтын белгіге», 975 оқушы үздік аттестатқа үміткер болды.
Биыл 5 маусым мен 30 тамыз аралығында оқушыларға қосымша білім беру ұйымдастырылады. Білім беру сапасын арттыру мақсатында секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек топтары, экскурсиялар және т.б. шаралар қарастырылған.
9, 11-сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік емтиханы бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, 11-сыныптарда 5-19 маусым аралығында өтеді. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша емтиханды ауызша тапсырады.
Еске салсақ, ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Екі мүмкіндікте де бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 18 мамырдан басталып, 5 шілдеде аяқталады.