Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім берудегі маңызды өзгерістерді атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Техникалық және кәсіптік білім беруде колледждер базасында жоғары сынып оқушысына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жобаны іске қосамыз. Бұл оқуды аяқтағаннан кейін оқушыларға мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алуға және еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді», – деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, биылғы жылдан бастап, басқа қаладан келген студенттерге растайтын құжаттарсыз демалыс уақытында жол жүру үшін өтемақы (4 АЕК) төленетін болады.
Сонымен бірге, колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша біліктілігін арттырады.