Алматының ең үздік мектебіне 48 миллион теңгенің сертификаты табысталды

YouTube
YouTube
25 тамызда Алматыда «Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы өз жұмысын бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оқушылары білім олипиадаларында жетістікке жеткен жаттықтырушы-ұстаздарға ақшалай сыйлық және «Үздік жалпы орта білім беру ұйымы – 2022» қалалық байқауының жеңімпазы атанған мектепке 48 млн теңгенің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конференция барысында бес ұстаздың әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификаты берілді. Олар - Алматы мектептерінің ұстаздары - Күнғожин Нұрбек, Жук Владимир Васильевич, Жұмадиллаев Қалдархан Нұрмаханұлы, Сатылханов Темірлан Қайратұлы, Смайылов Бауыржан Болатұлы.

Сондай-ақ қала әкімі үздік білім беру мекемесі деп танылған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатына 48 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

«Білім мегаполисі: болашақтың мектебі қандай болуы керек» атты тамыз конференциясы тікелей эфирде өтіп жатыр.

Новости партнеров