Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысан салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді
Ауылдарда 315 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Білім берудің сапасын және қол жетімділігін арттыру аясында ауылдық жерлерде 5 мың мектепті жаңғырту және 315 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Барлық ауыл мектептері білікті педагогтармен қамтылатын болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылады»,– деді Әсет Ерғалиев.
Оның айтуынша, ауылдарда спортпен айналысу және шығармашылық үйірмелерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 1 719 спорт және 748 мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады. Денсаулық сақтау саласында 1 095 нысан салу және жаңғырту ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің сапасын және қол жетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Барлық іс-шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, табысын арттыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпіліс береді», – деді министр.