|
19.09.2021 | 12:11
5922

Бостандық ауданындағы мектеп 425 оқушы орынына толықты

Биыл 12 600 орынды 8 мектеп салынып жатыр

Қала күнінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев биылғы оқу жылында есігін ашқан №199 мектеп-гимназияның жаңа корпусында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданындағы №199 гимназияның жаңа корпусы мектептегі оқушы орнының тапшылығы толығымен жойылады. Осы уақытқа дейін 168 балаға арналған мектепте 482 оқушы оқыды. Орын жеткіліксіз болды. Енді 425 орынды жаңа корпустың арқасында мектеп оқушылары жайлы жағдайда оқи алады.

«Көп жұмыс жасалды, қазір біздің гимназияның кеңейгеніне өте қуаныштымын. Бүгінде ауданымыз өсіп, көптеген жаңа үйлер салынып жатыр. Бірақ оқушы орындары жетіспейтіндіктен, мектептер салу қажет», – деді қала әкіміне білім беру ардагері Әсем Сүлейменқызы Беспаева.

Білім беру объектілерін салу құрылысты сапалы жүргізуге әрі мектептің жаңа корпусын барынша қысқа мерзімде пайдалануға беруге ықпал етті: құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды, ал 2021 жылдың қыркүйегінде мектеп жүздеген оқушыларға есігін ашты.

№199 көркемдік-эстетикалық және итальян тіліне мамандандырылған гимназия мектебінің директоры Сандуғаш Нышанова бұл білім беру мекемесі 2017 жылы №2 балалар үйінің ғимаратының базасында ұйымдастырылғанын атап өтті. 1962 жылы салынған ескі ғимарат барлық қажеттіліктерді қанағаттандырмады және көп балаға есептелмеген. Сондықтан әкімдік жаңа білім беру ғимаратын салу арқылы оны жаңғыртуға шешім қабылдады.

«Жаңа мектеп ғимараты үш қабатты. Онда 240 орындық асхана, акт залы, үлкен спорт залы, заманауи кітапхана және мұғалімдер бөлмесі бар. Бұл ғимарат заманауи мектептің стандарттары мен нормаларына сәйкес келеді. Сыныптар компьютермен жабдықталған, көркем сабақтар өткізудің барлық арнайы  құрылғыларымен жабдықталған», – деді гимназия мектебінің директоры.

С. Нышанова жалпы білім беретін пәндер жаңа корпуста оқытылатынын, ал ескі корпустағы шеберханалар шығармашылықпен айналысуға сай жабдықталатынын айтты. Сонымен қатар, ескі ғимаратты өнер мектептерінің стандарттарына сай етіп жаңарту жоспарлануда.

«Жаңа корпусты салып бергеннен бөлек қоршауды ауыстырды, аумақты абаттандырды, ағаштар отырғызды. Мектепті, кітапхананы безендірудің дизайнын біз өзіміз жасадық», –  дейді мектеп директоры.

Алматыда 2021-2022 оқу жылында жалпы контингенті 300 мыңнан асатын 289 мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік және 82-сі жекеменшік мектептер. Оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен шешу үшін білім беру объектілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жалпы қаладағы мектеп оқушыларына жайлы оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында биыл 12 600 орынды 8 мектеп салынып жатыр: 5100 орынды 3 мектеп 2021 жылдың желтоқсанында берілді. 2022 жылы қалған 5 мектеп екінші тоқсанда сабақ оқуға беріледі. Жалпы жыл соңына дейін 16 мың оқушыға арналған 31 мектеп пайдалануға беріледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир