Алматыда бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

04.03.2022 17:23

Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 2022 жылдың соңына дейін (4 ай) қосымша 5,3 млрд теңге бөлу ұсынылады

dubna.ru

Алматыда бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша қала мәслихатының XVI сессиясы барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушысы (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 2022 жылдың соңына дейін (4 ай) қосымша 5,3 млрд теңге бөлу ұсынылады", - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, балалардың спорт секцияларына қолжетімділігі үшін спорт үйірмелерін қаржыландыру 1,5 млрд теңгеден 3,2 млрд теңгеге дейін едәуір ұлғаяды.