Айтылды-орындалды: Қазақстандағы мектеп оқулықтары сандық форматқа көшірілді

otyrar.kz
otyrar.kz
1-11-сыныптарға арналған барлық электронды оқулық Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда оқушылар мен мұғалімдер электронды оқулықтарды қолдана алады. Мектеп оқулықтары цифрланып, ашық платформада орналастырылған. Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҰҚСК отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қашықтан оқыту жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдардың бірі электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз пайдалану құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңмен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс», – деген болатын.

Берік Уәлидің айтуынша, 1-11-сыныптарға арналған барлық электронды оқулық Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

- Отандық баспалармен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді:

- 1-11-сыныптарға арналған барлық электронды оқулық Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

Текникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колледждердің 100 пайызы 30-дан астам платформаға (Platonus, Edu page, Canvas, CollegеSmartNation, Google Classroom, Moodle, BilimAl, Edus, Sova және басқалары) қол жеткізе алады.

21 мыңнан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды:

- 12368 бейнесабақ;

- 3848 электронды оқулық;

- 5771 қосымша материал;

- 30368 ұстаз IT-құзыреті бойынша қашықтан оқыту платформалары мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзрленді.

Новости партнеров