|
26.02.2023 | 12:25
480

Еліміздегі озық тәжірибелі педагогтардың республикалық базасы құрылады – министр

Жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламасы жетілдіруді қажет етеді

Еліміздегі озық тәжірибелі педагогтардың республикалық базасы құрылады – министр Zakon.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Алматыға іс-сапары кезінде педагогтар және білім беру мекемелерінің басшысымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілші Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Ғани Бейсембаев білім беру жүйесінің сапалы дамуына және педагог мәртебесін одан әрі дамыту қажет екеніне ерекше тоқталды.

Ведомство басшысының айтуынша, Жол картасы білім беру сапасын арттыруға бағытталған 80-нен аса іс-шараны қамтиды. Оның ішінде тәрбиешілерді оқыту және аттестаттау ұйымдастырылады, жаңа модель бойынша даярлық курстарының мазмұнын жаңғырту.

"Орта білім берудегі өзекті мәселе – білім мазмұны мен білім сапасы. 2020-2021 оқу жылында мектептердің жаңартылған бағдарламаға көшуі толық аяқталып, білім берудің критериалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл өте маңызды өзгеріс болды. Алайда мониторингтік зерттеулерге сәйкес, жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламасы жетілдіруді қажет етеді. Сонымен қатар "Білім беру ұйымдары басшысының республикалық кадрлық резерві" жасақталады. Резервтегі менеджерлерді "Болашақ" бағдарламасы арқылы шет елде тағылымдамадан өткізу көзделген. Бұдан басқа еліміздің озық тәжірибелі педагогтарының республикалық базасы құрылады", деді Ғани Бейсембаев.

Кездесу барысында арнайы білім беру, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігі және инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды. Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернатының жұмысымен танысты.

Сонымен қатар бір қатар білім мекемелеріне барып балалар қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі барысымен танысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир