Алматыда аз қамтылған 410 отбасыға мектеп сөмкесі табысталды

28.08.2021 17:31

Бүгінде көпбалалы аналардың өзі де түрлі әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысады

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы демеушінің қолдауымен 410 аз қамтылған отбасыға мектеп сөмкесін табыстады. Оқу жылы қарсаңында балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, жүзіне күлкі үйірілген оқушылар мен ата-аналар шара ұйымдастырушыларына алғысын жаудырып жатыр. Айта кету керек, басқарма тарапынан мұндай қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Бүгінде көпбалалы аналардың өзі де түрлі әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысады.

«Біріншіден, ата-аналарымызды қуантып жатырмыз. Екіншіден, кішкентай балапандарымызды қуантып жатырмыз. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында бір айда бір рет осындай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жылдың басынан бастап 1280 отбасыға біз көмектестік», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева.

«Бір баламызға болсын қол ұшын бергені. Өйткені төрт баланы мектепке дайындау деген мына заманда өте қиын болып тұр. Біздің көп бір жағымызға шығысты деп ойлаймын», – деді көпбалалы ана Бағлан Жұмаділова.