«Тестілеуге 78 133 адам қатысты
Еліміз бойынша 27-29 наурыз аралығында тестілеу өткізудің 133 пунктінде «көктемгі» ҰБТ болып өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тестілеуге 78 133 адам қатысты, бұл көрсеткіш тестілеуге қатысуға өтініш берушілердің 97,6%-ын құрады (оның ішінде 61 367 (78,5%) қазақ тілінде, 16 515 (21,1%) орыс тілінде және 251 ағылшын тілінде тапсырды). Шектік деңгейден өткендер саны – 58 317 (74,6%), шектік деңгейден өте алмағандар саны - 19 816 адам (25,4 %). «Көктемгі» ҰБТ-ның ең жоғары ұпайы – 138. ҰБТ нәтижелеріне сәйкес бес пән бойынша орташа балл 70,5 құрады», - делінген хабарламада.
ҰБТ қатысушыларының 23 691 адам (30,3%) «Математика-Физика» бейіндік пәндер комбинациясын таңдап алса, ал 15 596 (20,0%) тестіленуші «Химия-Биология» комбинациясын таңдаған. Ал, ең аз таңдалған пәндер комбинациясы «Химия-Физика» - 225 адам.
Тестілеуді өткізу кезінде ҰБТ ережесін бұзған 235 оқушы тестілеуден шығарылды.
Айта кетейік, 2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.