|
28.12.2020 | 12:47
12306

Қашықтан оқыту: Алматыда «Сфера» онлайн білім беру платформасының жұмысы жайында айтылды

Карантин режимін енгізумен мектеп ұйымдарында оқу қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды

Қашықтан оқыту: Алматыда «Сфера» онлайн білім беру платформасының  жұмысы жайында айтылды ашық дереккөзден

Алматыда Білім басқармасы алқасының онлайн-отырысы барысында жұмыс қорытындысы мен қалалық білім беру жүйесін одан ары дамыту жоспары қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Карантин режимін енгізумен мектеп ұйымдарында оқу қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды. Осыған байланысты, 1 қыркүйектен бастап білім беру жүйесіне оқушыларды қашықтан оқыту үшін алматылық «Сфера» онлайн платформасы енгізілді. Бұл платформаның жұмысы туралы Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик айтып берді.

«Сфера» платформасы отандық өнім және ол Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен әзірленген. Бұл платформа оқушыларды қашықтан оқытуға арналған алаң, онда сабақтар бейнеконференция форматында өтеді. Сонымен қатар, платформа оқушыларға үй тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді, интерактивті тақта арқылы онлайн-режимде жазуға, сурет салуға және т. б. болады», – деді Андрей Дупик.

Білім беру онлайн-платформасы платформада оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды біріктіре отырып, қашықтықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Платформаның негізгі бағыты бөтен адамдар сабаққа қосылмауы және эфирлерді үзбеуі үшін қауіпсіздікке бағытталған. Бұл платформа 1 қыркүйектен бастап іске қосылды. Осы жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бөгде адамдарды қосу себебінен сабақты тоқтатудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

Күнделікті «Сфера» платформасында интерактивті формада 4 мың сабақ өткізіледі. Сонымен бірге, қашықтан оқытуға қажетті функционал бар. Бұл сабақ кестесін құру және қарау, үй тапсырмасын дайындау, қосымша қажетті ақпаратты бекіту, сонымен бірге қатысушыларды шақыру.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир