Алмалы ауданында бес мектеп жөнделіп, кеңейтіледі

29.08.2023 17:58

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

ашық дереккөзден

Алмалы ауданында бес мектеп жөнделіп, кеңейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Алмалы ауданындағы оқу орындары тапшылығының жағдайы қаланың басқа аудандарымен салыстырғанда жақсы. Дегенмен оқушы орны тапшылығын қысқарту үшін мектеп пен қосалқы ғимараттар салу бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылуда, деп атап өтті әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде.

Мәселен, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алмалы ауданында Райымбек даңғылы Әуезов көшесі қиылысында 2024 жылдың IV тоқсанында  1,5 мың орынды жаңа мектеп салынады. Сондай-ақ әкімдік 300 орындық №16 мектептерге қосымша құрылыстар салуға және ағымдағы жылдың IV тоқсанында сарапшылардың қатысуымен №58 мектепке спорт және акт залдарын салуға ЖСҚ әзірлейді.

"2024 жылдың I тоқсанында Жароков көшесіндегі №134 және 135 мектеп ғимараттарын күрделі жөндеп, сейсмикалық күшейту бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын өткіземіз. ҚМЖ басталуының болжамды мерзімі – 2024 жылдың көктемі, ал қараша айында №136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс - монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр", - деді Ерболат Досаев.