Есте болса, осыдан бірнеше ай бұрын медициналық университет тәлімгерлері министрдің қызметтен кетуін талап еткен бейнеүндеу әлеуметтік желіде тараған еді. Басты мәселе министрліктің ақылы бөлімге түскен студенттерді оқытпау жөніндегі ауызша бұйрығының шығуы себеп. Ал, шу шығарғандар резидентураның ақылы бөлімінде оқып жүрген студенттер болып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың отставкаға кетуін талап еткен үндеу биліктің назарын әбден аудартқан еді. Студенттердің талабы біреу-ақ, министр оқуымызды жалғастыруға мүмкіндік берсе дейді. Себебі, Асфендияров атындағы медицина университетінде оқитын 44 студентке ешбір дәлелсіз қағаз ұстатып, орындарын босатуды талап еткен. Себебі олар резидентураны оқу үшін алдымен мемлекеттік мекемеде кемінде үш жыл қызмет етулері керек.
«Егер мен үш жыл жұмыс істесем, онда одан кейін менің оқуға деген ниетім жоғалады. Тіпті медицинадан кетіп қалатын шығармын. Мен үш жыл қызмет етуге қарсы емеспін, бірақ бұл басында келісімшартта көрсетілмеген. Дипломды қолымызға алғаннан кейін үш күннен кейін ғана бізге осылай деп отыр. Біздің өзіміздің жоспарларымыз бар еді», – дейді с. Ж. Асфендияров атындағы қазұму резидентураның 1-курс студенті Дарын ИБРАГИМҰЛЫ.
«Біз жұмыс істемейміз деп отырған жоқпыз. Бірақ біздің ары қарай жұмыс істемей-ақ, оқуымызды жалғастыруға құқымыз бар деп ойлаймын», – деді С .Ж. Асфендияров атындағы қазұму резидентураның і курс студенті Ксения ВЕРДИНА.
«Бізге алаңсыз оқуымызды жалғастыруға рұқсат берсе дейміз. Ары-бері жүгіруден жалықтық. Бәрінің айтары тек ауызша уәде ғана, іс жүзінде ештеңе жоқ», – деді С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму резидентураның 1-курс студенті Зарина ШАРИПОВА.
Осыдан кейін студенттерге жағдайды жеке өзі барып түсіндіретінін айтқан министр мырза Алматыға арнайы келді. Оның айтуынша жеті жыл бұрын барлық гранттар мен ауылдық квота иегерлерін үш жыл бойы жұмыс істеуге міндеттейтін заң қабылданыпты. Тек сол заң жеті жылдан соң ғана күшіне енген. Ал, алаңсыз оқу бітірген студенттерге кешігіп қабылданған заң кедергі келтіріп жатқан көрінеді.
«Мен сізден отставкаға кетуді талап еткен денсаулық сақтау министрі ретінде, ең алдымен, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алу құқығын қорғау туралы ойлануға міндеттімін. Егер сіз бұл мәселені дұрыс емес шешіп жатыр деп ойласаңыз, мен оны қалай шешуім керек? Сізге мемлекеттің шешімі бойынша үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген (жұмыс істеңіз - Ескертпе). Сіз мемлекетке жауап беруге дайын болуыңыз керек. Бітті», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.
Болашақ дәрігерлер мен министр дегенмен нақты шешімге келе алмады. Ұлардай шулаған студенттердің оқуын жалғастыруына рұқсат берілді. Бірақ, мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу, істемеу мәселесі әлі де май шаммен қаралмақ. Яғни 7 жыл бұрынғы жарғыға бұл тәлімгерлердің бағынатыны немесе бағынбайтыны алдағы уақытта белгілі болмақ.