Жинақ оқырманға 100 данамен жол тартты
Елордада «Қазақстандық ғалым әйелдер» энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Тұңғыш рет топтастырылып отырған жинаққа ғылымға еңбегі сіңген 84 адамның есімі енген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар – 500-ден астам ғалымның ішінен таңдалып алынған медицина, психология, филология, философия ғылымдарының үздіктері. Түрлі саланы қамтыған кітап екі жарым жыл бойы жазылған. Таңдаулы туындылар еліміздің 25 университеті мен 15 ғылыми-зерттеу институты арқылы іріктеліп алынған. Жинақ оқырманға 100 данамен жол тартты. Ұйымдастырушылар алда кітаптың келесі томын шығаруды жоспарлап отыр.
«Бұл – қазақстандық ғалым әйелдер тарихындағы ең тұңғыш оқиға. Оны тарихи оқиға десем өтірік болмас. Біздің мақсатымыз – ғалымдарды, докторларды, ғылым кандидаттарын жастарға көмектесуге жұмылдыру. Оларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Болашаққа өзге ел жастарымен жарысқа түскенде жол көрсету. Білімді жастарды тәрбиелеу», – деді филолог-ғалым Таңат Аяпова.