Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 33 жылдан кейін өзі оқыған №83 мектеп-гимназиясындағы салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шара барысында алғашқы ұстаздарымен жүздесіп, ардагер педогогтарды, 1 сынып табалдырығын аттаған оқушыларды «Білім күнімен» құттықтады. Білім ошағын аралап шығып, қазіргі жағдайымен танысты. Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты ашық сабаққа қатысып, жоғарғы сынып оқушыларымен әңгімелесті. Өзінің балалық естеліктерімен бөлісіп, арман, мақсат туралы тақырыпта әңгіме өрбітіп, жастарға кеңестерін берді.
«Қазір елімізде балалардың сапалы білім алып, өзін-өзі дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Уақыт бір орнында тұрмайды, бүгінгідей жаһандану заманында уақыт көшіне ілесу үшін біліміңді жетілдіріп, бәсекеге қабілетті болуы үшін толықтырып отыру керек», – деді ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.