Мектепке жол: Алматыдағы Наурызбай ауданында 70 балаға сөмке таратылды

15.08.2024 18:53

Қайырымдылық іс-шарасы жыл сайын ұйымдастырылады

Almaty.tv

Алматыда аз қамтылған отбасылардың балаларына оқуға қажетті құрал-жабдық үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайырымдылық іс-шарасы жыл сайын «Мектепке жол» науқаны аясында ұйымдастырылады. Жоба бірнеше күн бұрын Алатау ауданында өтсе, бүгін Наурызбай ауданында жалғасты. Мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында көмек қажет ететін отбасыларға демеу болып, қол ұшын созу.

– Науқан аясында дәптер, қаламсап сынды мектепке қажетті оқу-құралдары салынған  70 сөмке балаларға сыйлыққа берілді, – деді қалалық ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспанов.

– 6 баланың анасымын, «күміс алқа» иегерімін. Үлкен ұлыма сөмке мен құрал-жабдық алдық. Жобаны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді көпбалалы ана Жазира Әбжаппарова.

Оқи отырыңыз: Білім ордасындағы шу: Алматы облысында құрылысшылар бас көтерді