Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болатынын айтты

22.07.2022 18:20

Министр жаңа норма келесі жылдан бастап күшіне енетінін атап өтті

Zakon.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектеп формасы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қолданыстағы бұйрық бойынша мектеп формасының түсі мен үлгісі қамқоршылық кеңесімен бірлесіп анықталады. Елімізде 7,5 мың мектеп бар және теориялық тұрғыдан алғанда 7,5 мың форма түрі болуы мүмкін, бірақ бұл ешкімге қолайлы емес. Мысалы, Павлодарды алайық. Бала бір мектептен екіншісіне ауысады, сонда мектеп формасын да ауыстыруы қажет қой. Мұның несі ыңғайлы?» - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, ата-аналар кей мектеп басшыларының мектеп формасына тым көп талап қоятынына жиі шағымданады. Әдетте ондай форма жай ғана базарда немесе сауда орталықтарында кездеспейді. Содан кейін олар оны белгілі бір жеткізушіден сатып алуды ұсынады.

«Енді бір әкімшілік бірлік, мысалы, Нұр-Сұлтанда барлық мектепте қандай форма болатынын жариялайды. Оны базардан да, сауда үйінен де сатып алуға болады. Егер бала бір мектептен екіншісіне ауысса, онда да қиындық болмайды. Бұл ата-аналар үшін ыңғайлы және тиімдірек. Осындай норма келесі жылдан бастап күшіне енетінін атап өтемін», - деді Оқу-ағарту министрі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы мектеп оқушылары қою көк түсті форма киетіні белгілі болды.