Еренғайып Шайхутдиновтің туғанына 90 жыл толды

12.12.2023 18:26

Аталған жиынға Аустрия, Италия, Франция, Үндістан, сондай-ақ ТМД елдерінің үздік профессорлары қатысты

Almaty.tv

Химия ғылымдарының докторы, профессор Еренғайып Шайхутдиновтың туғанына 90 жыл толуына орай әлемнің жетекші ғалымдары Сәтбаев университетінде бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған жиынға Аустрия, Италия, Франция, Үндістан, сондай-ақ ТМД елдерінің үздік профессорлары қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – мамандарды оқытып, композиттік, нанокомпозиттік және полимерлік материалдарды синтездеу. Іс-шара барысында шақырылған ғалымдар полимерлі материалдардың іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша дәріс оқыды.

– Жиын бүгінгі өте өзекті полимер, композиттік және биокомпозиттік материалдар проблемасын, жетістіктерді талқылауға арналған. Саладағы мәселелер конференцияда талқыланды, – деді техника ғылымдарының кандидаты Сана Қабдрахманова.

– Конференцияны Махатма Ганди және Сәтбаев университеттері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл – қазақстандық студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі мұндағы жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарын алысқа сапар шекпей-ақ талқылап, білімін кеңейте алады, – деді профессор Сабу Томас (Үндістан).

Оқи отырыңыз: Шатырдағы әйел: Қанат Тілеуханның кітабының тұсауы кесілді