Тиісінше мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшалардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта карантинді ұзарту туралы шешім қабылданды. Тиісінше мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Осы уақыт өткеннен кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезекші топтардың жұмысы бойынша шешім қабылданады. Біз бұл процеске белсенді қатысамыз. Бұл жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды», – деді министр ОКҚ брифингінде.
Еске салайық, мұның алдында министр қыркүйектен бастап мектептер мен ЖОО-лардың қалай оқытатыны туралы айтып берген еді.