Студенттер мен оқушылар қалай оқиды: Бекшин жауап берді

30.03.2021 18:35

Биыл наурыз айында оқушылар арасында індет жұқтыру былтырғы жағдаймен салыстырғанда 4 есе көбейді

«Алматы» телеарнасының «Басты назарда» бағдарламасында Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ЖОО студенттері мен  мектеп оқушылары 2020-2021 оқу жылының соңына дейін қайта қашықтан оқыту форматына көшеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Оқушылар төртінші тоқсанның аяғына дейін,ал студенттер екінші семестрдің аяғына дейін қашықтан оқыту форматына көшірдік. Биыл наурыз айында оқушылар арасында індет жұқтыру  былтырғы жағдаймен салыстырғанда 4 есе көбейді», – деді Жандарбек Бекшин.