Алматыда оқу жылының басында 9 жаңа корпус пайдалануға беріледі

25.08.2021 18:37

Оқу жылының басында қалада 2120 орынды 8 жеке меншік мектеп ашу жоспарланып отыр

Аlmaty.tv

Биылғы оқу жылының басында 4150 орынды 9 жаңа корпус пайдалануға беріледі. Сондай-ақ жыл соңына дейін 4113 орынды 8 жаңа корпус жұмысын бастайды. Бұл туралы «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

2021 жылы оқу жылының басында 4150 орынды 9 жаңа корпус пайдалануға беріледі, 4113 орынды тағы 8 жаңа корпус жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Сонымен қатар, оқу жылының басында қалада 2120 орынды 8 жеке меншік мектеп ашу жоспарланып жатыр.

Таяу арада 3500 орынды тағы 4 мемлекеттік мектепті, 4400 орындық 11 жаңа корпустарды салу жоспарлануда, сонымен қатар жеке инвесторлармен бірге 4 мектептің жобалық қуатын ұлғайта отырып, реновациялау және 6 мың орынды 5 жеке ұйым ашу жоспарлануда.

Жоспарға сәйкес сейсмикалық нығайту және бірнеше мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Сондықтан оқу үдерісіне кедергі келтірмеу үшін оқушыларды уақытша көшіру ұйымдастырылды.

Б. Сағынтаев Жайлы қалалық орта басқармасы мен Білім басқармасына бірге ағымдағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысына тиісті бақылауды және олардың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.