|
07.12.2022 | 13:38
8419

ІІМ Алматы Академиясы арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерін дайындайтын авторлық бағдарлама жасады

Оқуға түсу үшін үміткерлер орта білімді болу керек

ІІМ Алматы Академиясы арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерін дайындайтын авторлық бағдарлама жасады kazbilim.kz

ІІМ Алматы Академиясы арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерін дайындайтын авторлық бағдарлама жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының басшысы, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке қатысты. Ол ішкі істер органдарының жүйесінде мамандардың қалай дайындалатынын айта отырып, мектеп түлектерін оқу орнына түсуге шақырды.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы – ғылым, білім және құқық қорғау саласындағы озық тәжірибені тиімді біріктірген жаңа буын білім ордасы.

«Біздің Академияның 65 жылдық тарихы бар,  басты мақсат - қылмысқа қарсы төтеп бере алатын кәсіби мамандарды дайындау», - деді А.Сайтбеков.

Бүгінде академияның түлектері арасында атақты ғалымдар, генералдар, ірі аймақтық құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік награда иегерлері баршылық. Бұл жердегілер, әсіресе, әртүрлі лауазымдарда қызметтік міндеттерін абыроймен адал атқарып жүрген түлектерін ерекше мақтан тұтады.

Академияда оқыту үш тілде жүргізіледі, бұл Қазақстанның құқық қорғау органдарына сұранысқа ие, халықаралық стандарттарға сай мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Кәсіптік даярлау факультетінде Инфокоммуникациялық технологиялар, криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, киберқылмыстар, есірткі бизнесі мен экстремизмге қарсы мамандықтар және IT-криминалистер саласы бойынша жоғары білімді мамандарды даярлау жүзеге асырылады», - деді полковник.

Аталған оқу процесіне оқытушылардан бөлек, жетекші ғалымдар, халықаралық сарапшылар мен тәжірибелі қызметкерлер және қоғам белсенділері тартылған. Қазіргі және болашақ мамандар мен қызметкерлерді интернет арқылы жасалатын қылмыстармен күресу, қылмыстың алдын алу үшін оқытатын Кибер қауіпсіздік және ақпараттық кафедраның базасында кибер лаборатория жұмыс жасайды.

Болашақ полиция қызметкерлерінің физикалық және жауынгерлік дайындығына көп көңіл бөлінеді. Спорт секциялары (жаттығу және күрес залдары, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс рингі) курсанттарға физикалық тұрғыдан одан әрі дамуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Академияда АЖӘЕЖ офицерлерін даярлаудың авторлық бағдарламасы әзірленген.

Білім беру процесінде кітапхананың алатын орны ерекше. Қазір бұл жердің кітапханасында 300 мыңнан асатын  кітап қоры бар. Сонымен қатар, оқу процесінің барысында тұрақты негізде мәдени шаралар ұйымдастырылып тұрады.

«Шетелдік тәжірибені зерделей отырып, біз  үздіксіз білім беруге көштік, яғни, Академияда қазіргі қызметкерлер, оның ішінде басшылық құрам қайта даярлаудан өтеді. Жоғары оқу орнынан кейін «Магистратура» және «Докторантура» бағдарламалары  бойынша білім алуға болады.

Келесі оқу жылында Академия бакалавриатқа конкурстық негізде қабылдау жариялайды.

Оқуға түсу үшін үміткерлер орта білімді болу керек. Жас мөлшері - 16 жастан 25 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қабылданады және оқуға түсу туралы барлық сұрақтар мен мәліметтерді жергілікті полиция департаменттерінен немесе тікелей ІІМ Алматы академиясынан білуге болады.

Болашақ үміткер медициналық комиссиядан өтуі тиіс, физикалық дайындығы жөнінде сынақ тапсырған болуы керек және ҰБТ нәтижесі 50 балдан төмен болмауы қажет.

ҚР ІІМ Алматы академиясында оқу тегін, жайлы жатақханада тұру қамтамасыз етілген. Сондай-ақ оқудың артықшылықтарының қатарында тегін тамақ, формалық киім, медициналық қызмет көрсету; тұрғылықты жеріне дейін (пойызбен) және кері жүру. Курсанттар шәкіртақы алады. Оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткерумен тең. Толық оқу курсын аяқтаған әрбір түлекке жұмысқа тұруға кепілдік беріледі.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр» мемлекеттік үлгідегі диплом мен «полиция лейтенанты» арнайы атағы қоса беріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир