|
06.02.2021 | 13:50
15639

Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды

Бұған дейін еліміздегі ең ірі университетті Ғалымқайыр Мұтанов басқарған еді

Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды inform.kz

Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі holanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін еліміздегі ең ірі университетті Ғалымқайыр Мұтанов басқарған еді.

«Бір сағат бұрын республикалық комиссияның шешімімен ұлттық университеттердің екі ректоры сайланды: 1) ҚазҰУ – Түймебаев Ж.К. 2) ЕҰУ – Сыдықов Е. Б.», – деп хабарлады қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

ҚазҰУ-дың жаңа ректоры Жансейіт Түймебаев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болған.

Ж. Түймебаев Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.

Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.

2006 ж. ақпаннан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир