Президент стипендиясы қандай студенттерге беріледі

08.11.2022 18:51

2022 жылға ҚР Президентінің 43 стипендиясы беріледі

aikyn.kz

ҚР Президентінің стипендиясы мәдениет саласында білім беретін 3 ЖОО-ның студенттеріне берілуі мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі ашық талқыға шығарған стипендия бөлу туралы бұйрықта осылай жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚР Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясы жоғары оқу орындарына бөлінсін. Атап айтқанда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 22, Қазақ ұлттық өнер университетіне – 15, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 6 стипендия ұсынылады. Осылайша, 2022 жылға ҚР Президентінің 43 стипендиясы беріледі», - деп жазылған құжатта.