Алматыда венчурлік жәрмеңке өтеді

пресс-служба СДУ
пресс-служба СДУ
YEDI канадалық бизнес-акселераторы Қазақстанда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылдың 25 ақпанында Алматыда YEDI Халықаралық Start-Up бағдарламасы аясында венчурлік жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv СДУ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: YEDI - Йорк кәсіпкерлікті дамыту институты  мен  Сулейман Демирел атындағы университет. Іс-шараға қазақстандық және Орталық Азия елдерінің бизнес-қауымдастығы, канадалық акселератор мүшелері  мен  Алматы қаласы әкімдігінің  өкілдері қатысады деп күтілуде.

"Венчурлік жәрмеңке барысында кәсіпкерлер өз стартап жобаларының тұсаукесерін өткізіп, іріктелген озық жобалар  Канадаға  стартап виза алу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар бизнес акселератордан жан-жақты қолдау алады. Айта кеткен жөн, START-UP бағдарлама аясында кәсіпкерлер қарқынды оқу курстарынан өтіп, Солтүстік Америка нарығында өз бизнесін дамыту тетіктерімен танысты" - деп хабарлады СДУ баспасөз қызметі.


Новости партнеров