Жалған диплом сатқандарға қандай жаза қолданылады

14.02.2024 23:04

Жоғары білім мен Ішкі істер министрліктері арнайы жол картасын әзірледі

Almaty.tv

Қазақстанда жалған диплом әлеуметтік желіде тікелей эфирде сатылатын болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұндай құжатты сатқандар 2 жылға бас бостандығынан айырылатынын ескертіп, жалған дипломмен жұмысқа орналасқысы келетін азамат та жауапқа тартылатынын айтты.

Ғылым жән жоғары білім мен Ішкі істер министрліктері арнайы жол картасын әзірледі. Сол бойынша өтірік диплом сататындармен күреспек. 1991 жылдан бері берілген дипломдардың барлығы арнайы жүйеге топтастырылмақ. Қазіргі уақытта 3,5 миллион диплом жүйеге енгізілген.

– Кез келген жұмыс беруші дипломды арнайы цифрлық қызмет арқылы тексере алады. Әр дипломның жеке нөмірі, коды болады. 3,5 миллион азаматтың оқып алған дипломы базада тіркеуде тұр, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда қаңтарда қанша адам ҰБТ тапсырды