Алматыда белгілі журналист Ержұман Смайыл атындағы аудитория ашылды

10.02.2023 19:00

Ол еңбек жолын қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінен бастаған

Almaty.tv

Алматыда белгілі журналист Ержұман Смайыл атындағы аудитория әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек жолын қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінен бастаған ол бірнеше басшылық қызмет атқарды. «Жас Алаш» газетінде бас редактор болып, бірнеше шәкірт тәрбиеледі. Бүгінгі салтанатты іс-шараға онымен бірге қызмет еткен әріптестері, ұстаздары мен жоғары оқу орны ректоры Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты. Аудиторияға ол кісінің есімін беру – журналистика ардагеріне көрсетілген құрмет.

«Ержұманға құрмет көрсету – кемеңгер тұлғаны мойындау. Атқарған жұмысы өз алдына, мінезі қандай еді! Университетте аудиторияның ашылуы өте орынды нәрсе деп есептеймін. Студенттер осы кабинетке келіп, Ержұманның өмірімен танысатын болса, ол – үлкен олжа», – деді ардагер журналист Мамадияр Жақып.