Елордадағы балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары 1 маусымнан бастап жұмыс істей бастайды

Фото из открытых источников
Фото из открытых источников
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтар балалары 1 тамызға дейін балабақшаға барады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары қалыпты жағдайда жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын қайта бастаған болатын. Олар бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ және жұмыс істейтін ата-аналар үшін «кезекші топтар» жұмыс істеп келген.

«Бүгінгі күні балабақшаларға баратын балалар саны – 4134. Бұл 7,4 пайызды құрайды.1 маусымнан бастап барлық балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдары өз жұмысын штаттық режимде қайта бастауды жоспарлауда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтар балалары 1 тамызға дейін балабақшаға барады», – деді  қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан ҚАДЫРОВА.

Шолпан Қадырова, сондай-ақ биыл мектеп бітіру іс-шарасы қалай өтетінін де айтып берді. Соңғы қоңырау «Birgemiz: Түлек-2020» ұранымен 25 мамыр күні сағат 11.00-де онлайн өткізіледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді телеарналар арқылы құттықтайды. Ал 11-сынып түлектері үшін аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімі барлық мектептерде 3-маусым күні өтпек. Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады деп жоспарланған.

Новости партнеров