|
31.03.2020 | 15:46
7478

Қашықтан оқыту: ЖОО мен колледждердің мектепке қарағанда дайындық деңгейі өте жоғары

Әр облыста қашықтан оқыту бойынша арнайы жобалық кеңсе құрылған

Қашықтан оқыту: ЖОО мен колледждердің мектепке қарағанда дайындық деңгейі өте жоғары Almaty.tv

Қашықтан оқыту жүйесі бойынша ЖОО мен колледждердің мектепке қарағанда дайындық деңгейі өте жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Министр  мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына да баса назар аударылатынын айтты.

«Қашықтан оқытатын болғандықтан, біз мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына баса назар аударудамыз. Әр облыста қашықтан оқыту бойынша арнайы жобалық кеңсе құрдық, Білім және Ғылым министрлігінде  де жобалық кеңсе жұмыс істуде. ЖОО мен колледждерде олардың мектепке қарағанда дайындық деңгейі өте жоғары. Бірақ бұл мәселе бойынша да мониторинг жүргізудеміз. Себебі қазіргі уақытта сабақтардың кесетеге сәйкес болу мәселелері біздің бақылауымызда. Интернет провайдерлер бойынша келіссөздер жүргіздік. Осы келіссөздер шеңберінде білім беру ресурстарын арнайы тізім бойынша ақысыз пайдалануға болады. Бұл тізімді біз белгілеп беріп отырмыз. Сондықтан осы тізім бойынша білім беру, білім алу осы ресурстарға кіретін болса, онда бұл ақпарат көздері тегін беріледі. Бақылау сапаны қамту департаменттері жұмысты жүргізіп жатыр. Біз бұл мәселені бақылап отыру үшін ситуациялық орталық құрдық, бұл орталық бойынша күнделікті мектеп, ЖОО, колледждер бойынша 6 сәуірден бастап, бақылау жұмысын жүргізетін боламыз», – деді министр.

Сонымен қатар, министр коронавирус пандемиясына байланысты ҰБТ өткізу уақытына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, тестілеу әр жыл сайын маусым айының соңында өтетіндіктен,  ҰБТ мерзімін кейінгі қалдыруға өзгертуге бүгінде еш себеп жоқ. Мамыр айына қарай елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарап, ҰБТ бойынша нақты шешім қабылдаймыз, деді А. Аймағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир