|
05.10.2020 | 14:05
1661

Қазақстанда университет ғалымдары сұйық сабын өндірісін іске қосты

Сабын қайнату жаңашыл өндіріс болмағанына қарамастан, нарықта әрдайым сұранысқа ие

Қазақстанда университет ғалымдары сұйық сабын өндірісін іске қосты baq.kz

Торайғыров университетінің химиктері сұйық сабын өндірісін іске қосты. Қазіргі уақытта отандық өнім міндетті сертификаттаудан өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Идея авторы – химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Мәдениет Елубай. Жоба жетекшісінің айтуынша, сабын қайнату жаңашыл өндіріс болмағанына қарамастан, нарықта әрдайым сұранысқа ие.

«Содан болар, біз гигиеналық өнімдерді шығарғымыз келді. Ішкі нарықта әрдайым сұранысқа ие. Дегенмен, біз көтерме саудамен айналысатын тасымалдаушылармен жұмыс істемекпіз. Біз өндіретін сабынның сапасы жоғары, бағасы қолжетімді. Жобаны жүзеге асыруға 5 млн теңге ұтып алдық. Өнімге қажет компоненттердің басым бөлігі – отандық шикізат», – дейді Мәдениет Елубай.

Университетте ілкімді жобаларды қаржыландыру қолға алынған. Бұған дейін бөлінген шағын инновациялық гранттар жеке қорғаныш заттары, антисептиктер, зарарсыздандыру шамдары сияқты өнімдерді шығаруға сеп болды.

Айта кетейік, жоғары оу орны жоғары оқу орнының жанынан арнайы өндірістік аймақ ашылған. Қазіргі таңда бұл жерде 10 шағын өндіріс жұмыс істеп тұр. Бүгінде пеногазоблок, СИП-панельдер, креативті жиһаз шығарылып жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир