|
20.11.2023 | 14:05
574

Ташкенттегі үздік балабақшада тәжірибеден кімдер өтеді

Алматылық педагогтар білім алып жатқан тренингке 10-нан аса елден білікті мамандар шақырылған

Ташкенттегі үздік балабақшада тәжірибеден кімдер өтеді Almaty.tv

Алматыда мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мамандарының біліктілігін арттыруға арналған ауқымды жоба жалғасын тапты. 2000-нан аса педагог білім алып жатқан тренинг сабақтарына 10-нан аса елден білікті мамандар мен сарапшылар шақырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде тәрбиешілер, әдіскерлер, балабақша басшылары балаларды дамыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін үйренді. Оқыту барысында әр педагог бағдарламасын жасап, байқауға қатысады. Оның қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз Ташкенттегі үздік балабақшаларда тәжірибеден өтеді. Курс Алматы қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтіп жатыр.

– Жылда мамандардың біліктілігін арттыруға арналаған жоба ұйымдастырылады. Курстар бүгінгі таңдағы инновациялық өзгерістерге бағытталған. Балалармен қалай жұмыс істеуге болады? Қандай жаңа әдістерді, құралдарды пайдалануға болады? Курс барысында педагогтарға ақпарат беріледі, – деді Білім басқармасы мектепке дейінгі бөлімінің бас маманы Ұлжан Батырбаева.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир