АЭС: Алматыда студенттер арасында бірегей интерактивті ойын өтті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Іс-шара ҚазҰТЗУ ғимаратында өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде атом электр стансалары тақырыбына арналған бірегей интерактивті ойын өтті. Оған түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан 50-ге жуық студент қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ойын білім алушыларға, болашақ мамандарға энергетиканың теориялық негіздерімен танысып қана қоймай, нақты жобалар жасау, талдау процесіне үңілуге мүмкіндік берді.  

«Біздің университетімізде бүгінде бакалавриат бойынша ядролық энергетика деген мамандық ашылған. Болашақта магистратура, докторантура ашу ойымыз бар және атом электр станцияларына қажетті мамандар даярлаймыз. Бұл мәселеде тек біздің университетіміз ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша алдыңғы қатарлы барлық университет осы бойынша атсалысып жатыр», - деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ энергетика кафедрасының меңгерушісі Ерлан Сәрсенбаев.

Оқи отырыңыз: Тұрақты энергия көзімен қамтиды: мамандар АЭС салудың тиімді жақтарын түсіндірді

Новости партнеров