Алматы колледждеріндегі оқу жабдықтары жаңарады

25.08.2021 19:14

Жаңа оқу жылында 82 колледждің 68 мыңнан астам студенттері дәстүрлі білім беру форматына оралады

egemen.kz

«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін дамыту шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Жаңа оқу жылында 82 колледждің 68 мыңнан астам студенттері  дәстүрлі білім беру форматына оралады. ТжКБ ұйымдарында мектептердікіне ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің профилактикалық шаралары қабылданды, барлық колледждер,  студенттер тұратын жатақханалар Ashyq жобасына қосылған.

Биыл «Жас Маман» жобасы аясында ТжКБ ұйымдарды заманауи құрылғылармен материалдық-техникалық жабдықтау жалғасатын болады.

«Егер өткен оқу жылында 8 колледж заманауи қондырғылармен жабдықталған болса, биыл біз тағы 10 колледжді қамтамасыз етеміз. Өткен жылғы жұмыс тәжірибесіне сәйке жаңа зертханалар, шеберханалар ұйымдастырылады, студентер  бұларда практикадан өтіп, алған білімдерін іс жүзінде пайдаланатын  болады», деді Б. Сағынтаев.

Қала әкімі Білім басқармасына мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуды, бұл мәселені шешуге жұмыс беруші кәсіпорындарды кеңінен тартуды,  колледждердегі Құзыреттілік орталықтарының жұмыстарын жандандыруды тапсырды.