Алматыдағы мектептерде соңғы қоңырау қалай өтеді

inform.kz
inform.kz
Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қайта қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда биыл 25 мамырда мектеппен қоштасудың дәстүрлі форматы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қайта қаралды. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов олардың ведомствосында онлайн-форматта линейкалар өткізу ұсынылғанын, бұл ретте «соңғы қоңырауды» өткізуге тыйым салынбағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайрат Жұманов биыл «бір сынып – бір линейка» қағидаты бойынша «Соңғы қоңырау» іс-шараларын 9 және 11-сыныптарда өткізу ұсынылғанын хабарлады. Сондай-ақ мектеп іс-шаралары барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл 11 сыныпты 11 337 оқушы бітіреді. Бітіру кештерін 12-14 маусым аралығында өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Қайрат Жұманов аттестаттарды дәстүрлі тапсыру күндізгі уақытта мектеп аумағында өтеді деп нақтылады.

Биыл 647 түлек төрт емтихан тапсыру арқылы «Алтын белгі» мәртебесін растау қажет болады.

Новости партнеров