Мемлекеттік деңгейдегі келісім жасалды
Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің өзара келіссөздерінің қорытындылары негізіндегі уағдаластық бойынша және Auezov University 80 жылдығына орай жүзеге асырылып отыр.
Екі ел басшылары келіссөздерінің нәтижесі бойынша арнайы Жол картасы әзірленіп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Оған сәйкес қос мемлекеттің ведомстволық министрліктері деңгейінде Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бөлімін ашу турасында үшжақты келісімге қол қойылды.
Auezov University аталған филиалда 18 білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді оқытады.
– Шыршық – Өзбекстанның өнеркәсібі өркендеген қалаларының бірі. Өңірде машина жасау, металл өңдеу және химия өнеркәсібі салалары қарқынды дамыған. Осындай тенденцияларды ескере отырып, Auezov University өңірге қажетті білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды қолға алмақ, – деп атап өтті М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы, ректор Дария Қожамжарова.
Оқи отырыңыз: Президент Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды