Қазақстанда 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарлануда

21.02.2024 19:24

Биыл 6 Оқушылар сарайын ашу көзделеді

Фото: elements.envato.com

Биыл шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Бүгінде оқушылардың 81,1% қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаларға тең мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3% дейін арттыру жоспарлануда, - деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кетейік, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Наурыз айындағы ҰБТ-ға қашан өтініш қабылданатыны белгілі болды