Алматыда финдік әдістемемен оқытатын мектеп ашылды

Алматыда финдік әдістемемен оқытатын мектеп ашылды
Жекеменшік мектеп қыркүйекте жұмысын бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда финдік әдістемемен оқытатын мектеп ашылды. Наурызбай ауданында бой көтерген білім ордасы 300 оқушыға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашылу салтанатына аудандық әкімдіктің өкілдері мен білім басқармасының мамандары қатысты. Жекеменшік мектеп қыркүйек айында жұмысын бастайды. Қазірдің өзінде білім ордасына 100 бала қабылданды. Мектеп директорының айтуынша, оқушылар негізгі пәндерден бөлек, өзге де үйірмелерге қатыса алады.

– Оқу және 25 аудиториясы бар. Екі спорт алаңы, гимнастика залдары, робототехника, информатика кабинеті толық жабдықталған. Қазір қабылдау жүріп жатыр. Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы ата-аналарға бес пайыз жеңілдік бар, – деді мектеп директоры Сағыныш Дүйсенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

Новости партнеров