Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды
Қазақстанда 22,1 миллиард теңгеге 80 колледж заманауи құралдармен жабдықталды. 2021 жылы тағы 100 колледждің оқу-өндіріс шеберханаларын жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҰҚСК отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту керек. «Жас маман» жобасының аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Тегін кәсіби техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтып отыр», – деген болатын.
Берік Уәлидің айтуынша, техникалық және кәсіби білім беру бойынша Президент тапсырмасы орындалды:
- 2020 жылдан бастап «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр.
- Жалпы сомасы 22,1 миллиард теңгеге 80 колледж заманауи құралдармен жабдықталды;
- 2021 жылы 100 колледждің оқу-өндірісі шеберханаларын жабдықтау үшін 28,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр;
- Колледждер қадр дайындау ісіне халықаралық тәжірибелерді өндіріп, өз саласы бойынша біліктілік орталықтарына айналуы қажет.