Алматыда Нұрғали Мамыровтың тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оның жетекшілігімен 35 доктор және 76 экономика ғылымдарының кандидаты дайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрғали Мамыровтың құрметіне өзі тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Академикті еске алуға әріптестері, туған-туысқандары, замандастары қатысты. Ғалымның ғылымдағы жетістіктері, ел экономикасының дамуына, білікті маман даярлауға қосқан үлесі мемлекет тарапынан ескеріліп, көптеген жоғары марапаттарға ие болды.

«Мен Нұрғалимен көп жылдар дос болдық, араластық. Отбасымызбен араластық. Өте қонақжай, қазақи мінезді, ашық, адал дос болды. Ғылым саласында маңдайалды ғалымдарымыздың бірі болды. Ол университетті өте жоғары деңгейге көтерді. Ол университеттің қасынан Қазақстанда бірінші халықаралық Қазақ-Жапон бірлестігін құрды», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.

Академиктің еңбектері өнеркәсіптік өндірісті оңтайлы ұйымдастыру мәселелері бойынша ірі ғылыми мектеп құруға негіз болды. Оның жетекшілігімен 35 доктор және 76 экономика ғылымдарының кандидаты дайындалды. Бүгінгі таңда олардың барлығы экономика және әлеуметтік салада қажырлы еңбек етуде

«Енді Нұрекең соншалықты жайдары адам. Бір көргеннен өзіне бауырын тартып, ол әрбір қазақты бауырым деп есептейтін ағамыз еді. Мінеки, өзі тұрған үйіне тақта қойылып отыр. Құтты болсын! Осыны ұйымдастырған қалалық әкімшілікке, жалпы азаматтарға рақмет», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов.


Новости партнеров