Құжатқа мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қол қойды
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Тізім бағдарламаның ресми сайтында жарияланған.
Құжатқа мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қол қойды.
«Стипендия иегерлері өз күшімен University College London, New York University, King"s College London, ETH Zurich - Swiss Federal Institute of Technology, Technical University of Denmark, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті сынды әлемнің үздік ЖОО-на оқуға түсті», – деп хабарлады «Болашақ» халықаралық стипендиясының баспасөз қызметі.