Алматылық ғалымдар QAZLAT конвертерін жасады

05.09.2022 19:37

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы еліміздегі ЖОО-да аталып өтті

Almaty.tv

Қазақтың маңдайына біткен кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы еліміздегі ЖОО көлемінде де аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алаш даласының көшбасшысын ұлықтау іс шаралармен шектелмейді. Мерейтойға орай Энергетика және байланыс университетінің ғалымдары QAZLAT конвертерін жасап шығарды. Ерекшелігі сол, веб парақ жоғары жылдамдықта мәтін мен құжаттарды кирилицадан бірден латынға аудара алады. Осылайша, бүгін жоғары оқу орны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтына бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді.

«Қазақ тілі әлемдік ғылымға ену үшін аударма және терминологиямен дұрыс айналысуымыз қажет. Біз кирилицаны латынға бірден аударып беретін бағдарлама жасадық. Платформа 3 беттен тұрады. Біріншісінде ақпараттық, келесісінде мәтінді, ал үшіншісінде файлды аударуға болады. Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу үшін филологтарға қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева.

«Қазақ халқына ірі тұлға. Өз уақытысынан ерте туған азаматтың 150 жылдығын тойлау – біздің парызымыз, азаматтық парызымыз деп атаймыз. Сондықтан да ел бірлігі қалай болсын, елдің патриоттық сезімі қалай болсын десе, Ахаңның еңбектерін оқыған дұрыс шығар деп ойлаймын», – деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова.