|
28.07.2021 | 14:40
1304

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады

БАҚ өкілдері осындай сауал қойды

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады © Sputnik / Абзал Калиев

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевқа Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», – деген Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

 «Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», – деді ведомство өкілі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир