Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын мектептің тізімі жария болды

25.05.2023 01:07

Жалпы қаражат сомасы – 96 млрд 495 млн теңгеге

smi24.kz

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын мектептердің тізімі жария болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрлігі көпшіліктің назарына биыл тұрғызылады деген 62 жобаның тізімін ұсынды.

Оған сәйкес, әсіресе Астана қаласы мен Алматы облысында салынып-кеңейтілетін мектептердің саны әлдеқайда басым. Өңірлер бөлінісінде үшінші орында 9 жобамен Түркістан облысы тұр. 

Жемқорлардан түскен жалпы қаражат сомасы 96 млрд 495 млн теңгеге жеткен.