Қаржылық сауаттылық негіздері: Алматыда студенттерге арналаған семинар-тренинг өтті

22.09.2022 19:44

Кездесуде алаяқтардың арбауына түспеу жолдары да сөз болды

Almaty.tv

«Қаржылық сауаттылық негіздері». Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне осындай тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Америка Құрама Шттаттарында 10 жылға жуық білімін жетілдіріп келген білікті маман жастарға ақшаны қалай тиімді жұмсау керек және қаржылық еркіндікке қол жеткізу мүмкіндіктері жайында шеберлік сыныбын өткізді. Кездесуде алаяқтардың арбауына түспеу жолдары да сөз болды.

«Кез келген адамға қаржылық сауаттылық бойынша айтатын болсам, кірісі мен шығынын жазып үйренуіміз керек. Оны әдетке айналдыруымыз керек. Айтқанға оңай болғанымен, оны көпшілігіміз істемейміз. Тұрақты шығыс айлықтың 50 пайыз кірісінен аз болмауы керек. Сол кезде статистика бойынша 80 пайыз қаржылық еркіндікке шығатын мүмкіндігіңіз болады», – деді трейдер Думан Ерқанат