Қазақстанда 7 мың 386 мектепте бейнебақылау камерасы орнатылған

24.08.2022 19:47

Мобильді батырма 1 мың 212 мектепте бар

Almaty.tv

Қазақстанда 7 мың 386 мектепте бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар, 3 мың 514 білім ордасында стационарлық дабыл түймелері жұмыс істеп тұрса, мобильді батырма 1 мың 212 мектепте бар. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов оқу жылы басталар алдында, мектептердегі қауіпсіздікті тағы бір рет пысықтап алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнебақылау камералардың санын арттыру, оқушылар арасында түсіндірме жұмысын жүргізу жиілейді.

«Қыркүйек айынан бастап 5 мыңнан астам тергеуші мектептерге келіп, профилактикалық мақсатта  кездесу өткізетін болады. Бұл мәселеге мектеп директорлары мен білім беру бөлімдерінің басшылары белсенді қатысады. Әрине, оқу жылының басында біз әдетте Ішкі істер органдарына мектептер жанындағы кезекшілікті күшейтуді ұйымдастыру, жолда арнайы белгілер орнату бойынша жүгінеміз. Сондықтан осы жұмысты бірлесе отырып, тиісті деңгейде жүргіземіз деп ойлаймын», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.