Бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді
Елімізде ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды электронды түрде қабылдау мерзімі өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Білім сынағына қатысу үшін мектеп бітірушілер енді өтінімді электронды форматта онлайн бере алады. Талапкер тестілеу күні мен уақытын өзі таңдайды. Электронды форматта ҰБТ өткізу уақыты қаңтар мен тамыз аралығында өтеді. Айта кетейік, тестілеуге екі ай қалғанда негізгі пәндерді ауыстыруға жол берілмейді. Бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді.